ОСК Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжіліске ұсынған кандидаттарды тіркеді

Мәжілістің тоғыз депутатын ассамблея сайлайды


24/12/2020
14:55 47415 0

Фото: inbusiness.kz

 

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжіліске ұсынған (ҚХА) кандидаттарды тіркеді. Мұны ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

 

ҚХА депутаттарын сайлау 2021 жылғы 11 қаңтарда өтеді. 

 

Ассамблея тоғыз кандидат ұсынып отыр:

 

  1. Қазіргі Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов.
  2. Батыс Қазақстан облысы «Масис» армян этно-мәдени бірлестігінің  төрағасы Аветик Амирханян.
  3. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сартобинск ауылының әкімі Ілияс Боларов.
  4. Көкшетау техника лицейінің директоры Наталья Дементьева.
  5. Ұлттық коллектор палатасының төрағасы Юрий Ли.
  6. «Баранг» күрдтер қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев.
  7. «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі Шамиль Осин.
  8. «ЖетысуОблГаз» ЖШС-ның бас директоры Владимир Тохтасунов.
  9. «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбілфас Хамедов.



Парламенттің төменгі палатасы — Мәжілістің тоғыз депутатын ассамблея ұсынады, кейін өздері сайлайды. Мәжілісмендер қалай сайланатынын мына жерден толығырақ оқыңыз.

 

Ассамблеяға 504 адам мүше. Олардың бәрі сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Жалпы, бұл орган не үшін құрылғаны мен немен айналысып отырғанын мына жерден оқыңыз.

 

Сонымен бірге ОСК мемлекет бюджетінен кандидаттарға үгіт-насихатына қанша қаражат бөлінетінін хабарлады:

 

  • теледидар мен радиодан өз бағдарламасын таныстыру, газет-журналда екі мақала жариялау — 590 мың теңге;
  • көлік шығыны — 150 мың теңге; 
  • сайлауалды іс-шаралар өткізу мен үгіт материалдарын шығару — 130 мың теңге.
Поделиться

Нет комментариев.

24/12/2020 14:55
47415 0

Уведомление